Қызылордалық каратэшілер халықаралық турнирден 11 жүлде иеленді

50

0

Қызылордалық каратэшілер халықаралық турнирден 11 жүлде иелендіБішкекте каратэ-додан өткен IX халықаралық турнирде жерлестеріміз жақсы
өнер көрсетіп, 11 медальмен (3 алтын, 3 күміс, 5 қола) оралды, – деп
хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасаөз
қызметінен.

8-9 жас аралығында ката бағдарламасы бойынша Павел Барыбин
мен 10-11 жас аралығында Ердос Кенжалиев (екеуі де облыстық каратэ-до
федерациясынан) турнирдің чемпионы атанса, 16-17 жас аралығында кумитэ
бағдарламасында 61 келі салмақ дәрежесіне дейін сынға түскен Қайсар
Өмірбек бірінші орынды иеленді.

Ката сайысы бойынша 10-11 жас аралығында Сергей
Осипов (облыстық каратэ-до федерациясы), кумитэ бойынша 12-13 жас
аралығында 35 келі салмақ дәрежесіне дейін Диас Молдабек («Қажымұқан»
СК) пен 18 жастан жоғары Мөлдір Жаңбырбай (ЖСШМ) халықаралық турнирдің
күміс жүлдесін иеленді.

Ката сайысы бойынша 6-7 жас аралығында Константин
Каджиев (облыстық каратэ-до федерациясы), 8-9 жас аралығында кумитэ
бағдарламасы бойынша Гафур Шайхы (27 келіге дейін), ката бағдарламасы
бойынша 10-11 жас аралығында Нұрбол Нұрлыбеков (обл. каратэ-до
федерациясы), кумитэ сайысында 12-13 жас аралығында Аман Шора (
«Қажымұқан» СК, -35 келі) мен 16-17 жас аралығында Нұрәділ Кеңесбек
(ЖСШМ, 61 келіге дейін) қола жүлдені иеленді.

Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы
Рүстем Әбжәмиев және жаттықтырушылар Нұржан Ақпанбет, Рустам Орлов,
Әкімжан Нұрғалиевтер дайындады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз