Қызылордалық күрішшілер өз өнімдерін экспортқа шығармақ

48

0

Қызылордалық күрішшілер өз өнімдерін экспортқа шығармақКраснодар өлкесінде Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің ауыл шаруашылығы
өкілдерінің қатысуымен өткен басқосудан оралған облыстың бірқатар
кәсіпкерлері бүгін облыстық коммуникация орталығында журналистермен
кездесті.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары
Өмірхан Пашкенов, «Абзал и К» ЖШС-нің директоры Абзал Ералиев, Ы. Жақаев
атындағы Қазақ күріш ҒЗИ директоры Серікбай Өмірзақов және «Тан ЛТД»
ЖШС-нің директоры Имамзада Шағынтаев қатысқан жиын барысында аймақтағы
агросектор саласындағы жаңалықтар мен жетістіктер туралы айтылды. Облыс
аумағында 20-дан аса ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның негізгі
бөлігін күріш құрайды. Қазіргі таңдағы негізгі экспортталушы тауар да
осы сыр маржаны. Соның арқасында ресейлік агрономдармен ынтымақтастық
әріптестіктің дамып жатқанын алға тартты Ө.Пашкенов.

Қазір аймақта егіліп жатқан күріштің 76 пайызы
ресейлік, қалған 24 пайызы Қазақ күріш ҒЗИ селекциялау тәсілімен алған
отандық сұрыптан болып отыр. Ресейлік әріптестердің жылына күріштің 2-3
түрін селекциялық жолмен алып отырған тәжірибесі қызылордалық
күрішшілерге керек және пайдалы. Осы орайда екі елдің арасында тығыз
қарым-қатынас орнату қолға алынып, оны әрі қарай дамыту жоспарланып
отыр. Сондай-ақ, облыстың озық күрішшілері осы айда Сочи қаласында
өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесіне қатысуға ниетті.

Өз
кезегінде А. Ералиев сапар барысында күріштің ресейлік «Партнер»,
«Титан» және «Крепыш» секілді жаңа сұрыптарымен танысқанын, оны алдағы
уақытта облысымызда жерсіндіруді көздейтінін айтты. Бұл отандық өнімнің
сапасына оң әсер етіп, бәсекелестігін арттырмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз