Қызылордалық кәсіпкер сот арқылы 200 млн.теңгесін банктен «қорғап» қалды

57

0

Қызылордалық кәсіпкер сот арқылы 200 млн.теңгесін банктен «қорғап» қалды«БТА Банкі» АҚ ҚО филиалымен соттасқан «Дана-СК» ЖШС-і Қызылорда облыстық сотының Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында қаралып жатқан іс бойынша, өз құқығын қорғап қалу үшін облыстық Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады, деп хабарлады Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.

Шиелі аудандық соты «БТА Банк» АҚ Қызылорда облыстық филиалының «Дана-СК» ЖШС-нің банкке мүліктік кепіл ретінде қойылған нарықтық бағасы 200 млн.теңге тұратын өндірістік базасын борыш есебінен өндіріп алу жөніндегі талап арызын қанағаттандырмай қойған болатын.

Алайда, соттың шешіміне келіспеген «БТА Банк» АҚ Қызылорда облыстық филиалы Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына апелляциялық шағым түсіреді.

Осы ретте, кәсіпкердің өтінішіне сәйкес, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы сарапшылары банктің апелляциялық шағымына қарсылық білдіріп, 18 наурызда өткен сотқа қатысады.

Нәтижесінде, сот шешімі кәсіпкердің пайдасына шешіліп, «БТА Банк» АҚ Қызылорда облыстық филиалының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз