Қызылордалық кәсіпкерлер «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына өтінімдер беруде

42

0

Қызылордалық кәсіпкерлер «Қазақстанның үздік тауары»  көрме-конкурсына өтінімдер беруде Жақында ғана Қызылордада өткен
«Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын бағалау
өлшеміне қатысты оқыту семинарына қатысқан «Браунис» ЖШС шарадан кейін
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысуға ниет білдіріп отыр.

Бұл жөнінде Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды және әлеуметтік серіктестікті дамыту
бөлімінің басшысы Жанна Сқакова: «Кәсіпкерлер «Алтын сапа» сыйлығы мен
көрме-конкурсқа қатысу барысында құжаттарды рәсімдеуге қатысты қиындықтарға
кездесіп жатады. Ал жақында өткен оқыту-семинары бұл мәселені оң шешуге ықпал
етті. Нәтижесінде көрме-конкурсқа «Браунис» ЖШС-і қатысуға өтінім білдіруде», –
деді.

2011 жылы ашылған «Браунис»
кондитерлік цехы бүгінде желі болып қаланың бірнеше аумағында халыққа қызмет көрсетуде. Ерекшелігі –
тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасау үшін дүкен мен кофехана бір жерден
ашылған және қызылордалықтарға 24 сағат /тәулік бойы/ қызмет көрсетуде.

«Семнарға қатысқаннан кейін біз
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысамыз деп шештік. Көрме-конкурс
біз үшін жақсы тәжірибе болмақ. Және алдағы уақытта өнімдеріміздің сапасын одан
әрі арттырып, қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейге жеткіземіз деп сенеміз», –
деді «Браунис» ЖШС-нің өкілі Есенова Ақтоты.

Айта кету керек, биылғы жылдан
бастап «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып, өткізетін болады.

«Алтын сапа» сыйлығы мен
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы қатысуға Қызылорда облысының
үміткерлері өтінімдерін 2015 жылғы 1 шілдеге дейін zh.skakova@palata.kz
электронды мекен-жайына жолдай алады.

Қызылорда
облысының

кәсіпкерлер
палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз