Қызылордалық кәсіпкерлер енді шағымдарын Whats App арқылы жолдай алады

41

0

Қызылордалық кәсіпкерлер енді шағымдарын  Whats App арқылы жолдай аладыБұл жөнінде облыстық прокуратура мен Қызылорда
облысының кәсіпкерлер палатасы бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Енді
облыстық прокуратура Кәсіпкерлер палатасымен бірге бизнес өкілдерінің құқығын
қорғау бағытында Whats App мобильдік қосымшасы арқылы да шағымдарды қабылдай
алады. Ол үшін кәсіпкерлер 8705824 66 66 ұялы телефон нөміріне Whats
App мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік органдардың заңсыз тексеру
әрекеттеріне, құқығын қорғау бойынша шағымдана алады.

Мобильдік
қосымша арқылы түскен хабарлама арнайы журналда тіркеліп, құрамында
прокуратура, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар мобильдік топпен дереу
тексеріліп, расталған жағдайда заңмен белгіленген тиісті шаралар қолданылады.

Аталған
нөмір бойынша азаматтар сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар
бойынша да хабарлама жолдай алады.

Айта
кету керек, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 236
арыз-шағым түскен.

Өтініштердің
басым бөлігі, яғни 46-сы (20 пайыз) жергілікті атқарушы органдардың жер
мәселесіне қабылдаған шараларына, 20-сы салық заңнамасынан туындайтын
мәселелерге, 20-сы мемлекеттік сатып алуларға қатысты.

2014 жылдың І жартыжылдығымен
салыстырғанда осы жылдың 60 айында түскен өтініштер 40 пайызға артық. Бүгінгі
күнге 181 кәсіпкердің құқығы қорғалып, қалпына келтірілді.

Аталмыш тың әдіс кәсіпкерлердің
мәселесін жедел шешуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

 

Қызылорда облысының

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз