Қызылордалық кәсіпкерлерді «Алтын сапаны» бағалау өлшеміне қатысты оқытты

47

0

Қызылордалық кәсіпкерлерді «Алтын сапаны» бағалау өлшеміне қатысты оқытты Қызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасында аймақ кәсіпкерлерінің қатысуымен ҚР Президентінің «Алтын сапа»
сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын бағалау өлшеміне
қатысты оқыту семинары өтті.

«Алтын сапа» – бұл халыққа қалтқысыз
қызмет көрсету саласындағы жақсы нәтижелерге қол жеткізгені және мекемелерге
заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін берілетін сыйлық.

Биылғы жылдан бастап «Алтын
сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын «Атамекен» Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып, өткізетін болады.

Семинарды өткізудегі мақсат –
сыйлық пен байқауға қатысуға үміткерлерге ереже-талаптарымен таныстырып, кеңес
беру, әдістемелік көмек көрсету.

Оқыту семинарын «Алтын сапа»
сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысушылардың
құжаттарын қарап, бағалауда мол тәжірибесі бар үздік сарапшы-аудиторлар:
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Әлеуметтік-еңбек қатынастары
департаментінің сарапшысы Бинара Төлегенова мен «НаЦЭкС» АҚ-ның сарапшысы Ольга
Ленева өткізді.

Жоғарыда
аталған шараларға қатысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
Әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің сарапшысы Бинара Төлегенова: «Астана экономкалық Форумының қорытынды
есебіне сәйкес біз 50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ендік. Бәсекеге
қабілеттілік – бұл бірінші кезекте халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға әсер
ететін бірден бір фактор болып табылады. Қазір біз аталмыш шараларға қатысты
тұжырымдамалар әзірледік. Осы талаптарға сәйкес «Алтын сапа» сыйлығы мен
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсыөткізілетін болады»
, – деді.

Семинарға өңірдегі шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері мен сарапшылар қатысты. Шара
қорытындысымен қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Айта кету керек, «Алтын сапа»
сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы қатысуға үміткерлер
өтінімдерін 2015 жылғы 1 шілдеге дейін zh.skakova@palata.kz электронды
мекен-жайына жолдай алады.

 

Қызылорда облысының

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз