Қызылордалық кәсіпкерлерге заң нормалары түсіндірілді

52

0

Қызылордалық кәсіпкерлерге заң нормалары түсіндірілді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында Кәсіпкерлер
палатасы директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Дархан
Мырзалиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы
заңнамаларды түсіндіруге қатысты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Шараға
прокуратура және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың, сонымен бірге
энергиямен қамтамасыз етуші, энергия таратушы мекемелердің өкілдері мен
кәсіпкерлер қатысты.
Қолданыстағы
«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»
Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты түсіндірме
жүмыстарын жүргізген облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Руслан
Жақсылықов әсіресе тексеру түрлеріне, тексеруге жататын кәсіпкерлік
нысандарына қатысты ерекше тоқталып өтті.

Айта кету керек,
кәсіпкерлік нысандарын тексеру барысында заң бұзушылықтар орын алған
жағдайда облыстық прокуратурада Кәсіпкерлер палатасымен бірге
кәсіпкерлердің құқығын қорғауға арналған арнайы мобильді топ жұмыс
жасайды.

Аталмыш шара кәсіпкерлік субъектілеріне арналған
тексерістер барысында орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу,
кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында өткізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз