Қызылордалық Максим Коломоец Олимпиада ойындарына жолдама алды

44

0

Қызылордалық Максим Коломоец Олимпиада ойындарына жолдама алдыҚызылордалық спортшы, ҚР құрама командасының мүшесі Максим Коломоец
Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азиялық лицензиялық турнирде стенд
атудан 4-орынды иеленді.

Жарыс бағдарламасына сәйкес траптан сынға
түскен Максим Рио-де-Жанейрода өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындарына
лицензияға қол жеткізді. Дүбірлі бәсекеге 17 мемлекеттен 72 спортшы
қатысты.

Максим стенд атудан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт
шебері. Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, студенттер
арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері, республика бойынша 2013
жылдың «Үздік мергені», деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз