Қызылордалық Мақсат Мақұлбеков «Қазақстан дауысының» финалында!

66

0

Қызылордалық Мақсат Мақұлбеков «Қазақстан дауысының» финалында!«Қазақстан дауысы» жобасының жартылай финалында Медеу Арынбаевтың тобынан сахнаға алғаш болып қызылордалық Мақсат Мақұлбеков шықты.  

Ол тәлімгері Медеу Арынбаевтың жаңадан жазылған «Астана» әнін (сөзі Ә.Асылбек) орындап шықты.
Мақсат Мақұлбеков туралы тәлімгері «Байқау кезінде ең бастысы арамызда шығармашылық байланыс орнады. Онымен жұмыс істеу ерекше шабыт сыйлайды», дейді.  

Қызылордалық үміткер Мақсат Мақұлбеков – екі ұлдың әкесі.
«Үлкен ұлым менің өнеріммен мақтанады. Маған бұдан асқан бақыт жоқ», дейді ол.
Ал, Мәдина Сәдуақасова «Мақсат – «Қазақстан дауысы» атағына лайықты үміткер», деген бағасын берді.
Реттік нөмірі – 32.
Жартылай финал нәтижесі бойынша тәлімгерінің 60 пайыз, көрерменнің 46 пайыз дауысын иеленіп, финалға жолдама алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз