Қызылордалық ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

33

0

Қызылордалық ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілдіБүгін Қызылордада «Ерлік даңқы өшпейді» атты 7
мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 71 жылдығына
арналған мерекелік шара өтті.
    Жеңіс туының желбірегеніне 71 жыл. Бұл майдан
даласынан оралмаған жауынгерлерге тағзым етіп, ардагерлерімізді еске
алып, арамызда көзі тірі ардақты жандарымызды ұлықтайтын, ерлікті
дәріптейтін үлкен салтанат.
    1418 күн, 34 сағатқа созылған қан майданның қасіретін ұмыту мүмкін
емес. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батырларды дәріптеу жалғаса
береді. Өкініштісі қарт майдангерлердің қатары күн өткен сайын сиреп
барады. Соғыс даласынан Сыр өңіріне 35 мың жауынгер аман оралса, бүгінде
соның 64-ның ғана көзі тірі.
    Мерекелік шарада Отан қорғаушыларға да құрмет көрсетілді. Өнерпаздар түрлі қойылымдар қойды.
    Сонымен қатар аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қабылдап, мерекелерімен құттықтады.
    – Отанымызды қорғау – қасиетті міндет, үлкен мәртебе. Ел үшін жан
аямай, кеуделеріңізді оққа тосып, қан кештіңіздер. Күйреген экономиканы
қалыпқа келтіріп, Тәуелсіздіктің негізін қаладыңыздар. Қатары сиреп бара
жатқан қарттарымыз аман болсын,  – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
    Шара барысында ардагерлерге сый-сыяпат жасалып, өнерпаздар әннен шашу шашты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз