Қызылордалық қос балуан Еуропа кубогінің қола жүлдесін иеленді

84

0

Қызылордалық қос балуан Еуропа кубогінің қола жүлдесін иелендіҚызылордалық қос спортшы Еуропа кубогінің қола жүлдесін иеленді, – деп хабарлады Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Германияның Бремен каласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында кызылордалык спортшылар жеңіспен оралды. 24 мемлекеттен 900 спортшы қатысқан дубірлі бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған жерлестеріміз – 60 келі салмақ дәрежесінде Ж.Бахадур атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернат оқушысы Бауыржан Жауынтаев пен 100 келіден жоғары салмақта Қармақшы ауданының спортшысы Еламан Ерғалиев кубоктың қола жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, Қазақстаннан барған спортшылардың арасында тек Сыр елінің қос спортшысы мен семейлік балуан ғана еліміздің айбынын асқақтатты.

Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қален Қалиұлы мен Дархан Алмахановтан тәлім алатын қос спортшы үстіміздегі жылдың сәуір айында Санкт-Петербургте, мамырда Австрияда, шілдеде Чехияда болатын Еуропа кубоктеріне қатысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз