Қызылордалық оқушылар жеңіс тұғырында

86

0

Республикалық «Дарын»ғылыми жобалар байқауында қызылордалық оқушылар командалық есепте ІІІ орынға тұрақтады. Атап айтсақ, ІІІ орын – біреу, ІІ орын – алтау. Ал І орын иеленген Жайшылықұлы Асылхан алтын медаль алып, білім бәсекесінде оза шапты.
Айта кетейік, Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық-ғылыми жоба конкурсына қыркүйек айында тіркеу жұмыстары жүргізіліп, оған 755 жобамен 788 оқушы ұсыныс білдірді.

2018 жылдың 13-16 ақпан аралығында Алматы қаласында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсының қорытынды кезеңіне облысымыздан тестілеуден межелі балға қол жеткізген 19 жобамен 19 оқушы қатыстырылды. Ерекше жаңалық, конкурс жеңімпазы, Қызылорда қаласындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 11-сынып оқушысы Ақпан Дінмұхамед Жұлдызбайұлы Қазақстан-Британ техникалық университетінің білім грантына ие болды.

Наргиз БЕКТАЙ, 
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің 4-курс студенті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз