Қызылордалық палуандар Таразда өткен ел чемпионатынан жүлделі оралды

44

0

Қызылордалық палуандар Таразда өткен ел чемпионатынан жүлделі оралды Тараз қаласында 14-17 қаңтар аралығында ересектер арасында күрес түрлерінен ҚР чемпионаты өтті.
Дүбірлі бәсекеден Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жүлделі оралды.

Облыстық
дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша,
еркін күрестен 74 келі салмақта өнер көрсеткен Ғалымжан Өсербаев
Қазақстан жеңімпазы атанса, 57 келі салмақта Марғұлан Жүсіпов қола
жүлдені иеленді.

Грек-рим күресінен 130 келі салмақта сынға түскен
Есенгелді Жалғасбаев 2-орынды жеңіп алды. Ал әйелдер күресінен облыстық
олимпиадалық резерв даярлау орталығында тәлім алатын Әзиза Тұрмағанбет
75 келіде 3-орынға ие болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз