Қызылордалық полицейлер 18 ақбөкенді атып алған аңшыларды қолға түсті

51

0

Қызылордалық полицейлер 18 ақбөкенді атып алған аңшыларды қолға түстіҚызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция
қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген
рейді барысында заңсыз аң аулағандар ұсталды. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылына қарасты
«Бөгедек» учаскесінде «Тойота Ланд Крузер-100» маркалы автокөлігі
тоқтатылды. Автокөлікке қарау жүргізу барысында, көліктің салонынан 2
дана 12 калибрлі аңшы мылтығы және 172 дана мылтықтың патрондары
анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Оқиға орнына тексеру жүргізу
кезінде, сексеуіл бұталарының арасына жасырылған аяқтары кесілген 18
ақбөкенге ұқсас жануарлардың өлекселері табылды. Оқиға орнынан 20, 28
және 29 жастағы 3 азамат ұсталды.

Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің
337-бабы, 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі
тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де сезікті азаматтардың
кінәлары толық дәлелденген жағдайда, оларға қатысты заңсыз аңшылық
фактісі бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес
мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол
мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын
шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру шарасы қолданылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз