Қызылордалық полицейлер ақбөкендерді заңсыз аулаудың тағы бір дерегін анықтады

35

0

Қызылордалық полицейлер ақбөкендерді заңсыз аулаудың тағы бір дерегін анықтадыҚызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция
қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген
рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар құрықтылды.
    Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 31 қаңтарында сағат 22.10 шамасында
Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылына қарасты «Бөгедек» учаскесінде
мемлекеттік белгісі жоқ «Тойота Ланд Крузер-100» маркалы автокөлігі
тоқтатылды. Автокөлікке қарау жүргізу барысында салонынан  2 дана 12
калибрлі аңшы мылтығы мен 72 дана мылтықтың патрондары анықталып, заттай
дәлелдеме ретінде алынды. Сонымен қатар, автокөліктің артқы жүк
салғышынан 7 дана ақбөкен аңына ұқсас өлі жануар денесі анықталды. Оқиға
орнына Жалағаш АІІб-нің жедел-тергеу тобы шақырылып, тиісті жұмыстар
атқарылды.       
    Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы, 4-бөлігімен
қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары
жүргізілуде. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз