Қызылордалық полицейлер «Мектеп жол» акциясы аясында балаларға қуаныш сыйлады

53

0

Қызылордалық полицейлер «Мектеп жол» акциясы аясында балаларға қуаныш сыйлады 2015 жылдың 01 тамыз – 30 қыркүйегі
аралығында әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына,
көп балалы отбасылардың балаларына, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз
қалған жасөспірімдерге көмек, қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық
аймақтарында «Мектепке жол» акциясы өткізіліп жатырғаны белгілі.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері де аталған
кең ауқымды қайырымдылық шарасынан шет қалмай, көмекке мұқтаж жандарға
әлеуметтік көмек көрсетті.
Аталған шара 2015 жылдың 26 тамызы күні облыс орталығындағы Айтбай
мешітінде өтті. Қайырымдылық акциясына Қызылорда ОІІД бастығының
орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев пен Кадр жұмыстары
басқармасының қызметкерлері қатысып, жаңа оқу жылын бастағалы отырған
оқушыларға 80 дана сөмке мен оқуға қажетті мектеп құралдарын табыс етті.
Осындай көмекке зәру балалардың бір сәттік қуанышына куә болған
қызылордалық полицейлер балалардың қуаныш-шаттыққа кенелуі үшін қолдан
келген көмектерін аямайтындықтарын жеткізіп, жаңа оқу жылында сәттілік
тіледі, елдің қорғаны болар үлкен азамат болып өсетіндеріне сенім
білдірді.
Сонымен қатар, қайырымдылық шарасы департамент қабырғасында да жалғасын
тапты. Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев
әлеуметтік тұрғыдан көмекке мұқтаж департамент қызметкерлерін қабылдап,
мектепке даярлық кезінде қолдау көрсетті. Департаментте техникалық
қызметкер ретінде 15 жылдан аса уақыт қызмет ететін, 5 баланың анасы
Қосаманова Камиланың, 2 баланы тәрбиелеп отырған жалғысбасты ана
Ералиева Майраның, Тылмен қамтамасыз ету басқармасының аға инспекторы 7
баланың әкесі Аубакиров Айдостың балаларына оқуға қажетті құралдар
салынған сөмкелерді табыс етіп, тарту жасады.
Қызылорда ОІІД бастамасымен ұйымдастырылатын қамқорлық акциясы өңірде әрі қарай жалғасын табатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз