Қызылордалық полицейлер пәтер кілтін алды

50

0

Қызылордалық полицейлер пәтер кілтін алдыҚазақстан полициясы күніне орай
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін полиция қызметкерлері
Үбітаев Нұрбол мен Құскеев Жұлдызбекке пәтер кілтін тапсырды. 
Қазақстан
полициясы күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада ішкі істер
органдарының бір топ қызметкерлері облыс әкімінің және ҚР Ішкі істер
министрлігінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды.    
 Сонымен қатар, бірқатар қызметкер Ішкі істер министрлігінің
медальдарына ие болды.  

Тәуелсіздігіміздің тұғырының нық болып, ірге тасының берік қалануына,
елде қоғамдық келісім мен бірліктің, тыныштықтың нығаюына жұмыс жасап
келе жатқан Сіздердің жұмыстарыңызға облыс әкімдігі тарапынан ерекше
көңіл бөлініп, барынша көмек көрсетілуде. Соңғы 4 жылда ішкі істер
органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мен заманауи
құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен бөлінген
қаражат көлемі 7-есеге ұлғайып, 4,5 млд. теңге бөлінді. Департаменттің
«Жедел басқару орталығы» толық жаңғыртылып, іске қосылды. Өз қызметтік
міндетін адал атқарып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық
бұзушылықтың алдын алып, мемлекет тыныштығының сақталуына тынбай үлес
қосып жүрген ел қорғандарының қатары көбейе берсін, – деп облыс әкімі
жылы лебізін жеткізді.
Биыл ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 423,5 млн.теңге бөлінді. 
Көшелер
мен тұрғын үй аулалары және адамдар көп шоғырланатын жерлерге қосымша
127 бейнебақылау камералары орнатылып, бүгінгі күні облыс орталығындағы
бейнебақылау камераларының саны 243-ке жетті.
Жол-патрульдік полициясы арнайы құрылғылармен жабдықталған қосымша 130 қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді.
Бас
Прокуратура және Біріккен Ұлттар Ұйымы жүргізген зерттеу қорытындысымен
2014 және 2015 жылдары 2 жыл қатарынан Қызылорда облысы және Қызылорда
қаласы еліміздің «Ең қауіпсіз аймағы» болып танылуына ішкі істер
органдары қызметкерлерінің қосқан үлесі зор.
Ағымдағы жылдың 5 айы қорытындысымен облыс бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 18,5 пайызға азаюы да бұған дәлел.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз