Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады

192

0

Республика аумағында 2017 жылдың 01 маусым – 30 қазан аралығында жүргізіліп жатырған «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы барысында қызылордалық полицейлер марихуана есірткі құралын заңсыз сақтаған күдіктілерді ұстады.
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген шарасы барысында Жалағаш ауданы, Жаңадария  ауылдық округінен 80 км. қашықтықта жасыл түсті өзіне тән иісі бар шөптектес затты тасымалдап жүрген 47, 28, 30 және 41 жастағы 4 азамат ұсталды. Анықталған затқа сараптама тағайындалып, нәтижесінде салмағы 44 кг.-ды құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі нақтыланды.
Тиісті тергеу әрекеті барысында ұсталған азаматтар бұдан бөлек есірткі затын егіп-баптаумен айналысқандығы белгілі болды. Өздері көрсеткен есірткі аумағынан 1147 түп сора өсімдігі анықталып, сараптама қорытындысымен жалпы салмағы 1 тонна 41 кг.-ды құрайтын есірткі заты екендігі нақтыланды.  
Қазіргі таңда, аталған 4 азамат Жалағаш АІІб-нің Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, олардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі және 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз