Қызылордалық полицейлер тағы екі есірткі алқабын анықтады

46

0

Қызылордалық полицейлер тағы екі есірткі алқабын анықтадыҚызылордалық полицейлер Шалқия кентіне қарасты тау беткейінде есірткі
затына ұқсас өсімдік өсіп тұрған алқапты анықтады. Бұл туралы ОІІД
баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 18 тамызында түнгі сағат
01:00-де Шалқия кентінен 75 шақырым жердегі бес егістік алқабында
егіп-баптау жұмыстарымен айналысып жатқан 1959 жылы және 1987 жылы туған
2 азамат ұсталды. Тексеру барысында аталған азаматтардың Жаңақорған
кентінің тұрғындары екендігі белгілі болды. Өсіруге заңмен тыйым
салынған 259 түп қарасора өсімдігі өртеліп,  сезікті азаматтар аудандық
ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Дәл осындай дерек Жалағаш ауданында да тіркелді. 19
тамыз күні таңғы сағат 06.00 шамасында Жалағаш ауданы, Мырзабай елді
мекенінен шығысқа қарай 30 шақырым жерде есірткі затына ұқсас өсімдікті
егіп, күтіп-баптап жатқан 1977 жылы туған Жалағаш тұрғыны ұсталды.
Аталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, үстінен ҚР
Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Заттай айғақ ретінде алынған 545 түп есірткіге ұқсас өсімдікке
тағайындалған сараптама қорытындысы «сора» өсімдігіне жататынынын
бекітіп, жалпы салмағы 272,5 кг-ды құрайтындығынын анықтаған.

Жоғарыда көрсетілген екі дерек бойынша да сотқа
дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтардың
кінәлары дәлелденген жағдайда, сот шешімімен 2000 айлық есептік
көрсеткішке дейінгі мөлшерде (3964000 тг) айыппұл салуға не сол
мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына
тартылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз