Қызылордалық полицейлер WHATSAPP мобильдік жүйесіне қосылды

44

0

Қызылордалық полицейлер WHATSAPP мобильдік жүйесіне қосылдыҚызылорда облысы ішкі істер департаменті қызметкерлері WhatsApp
мобильдік қосымшасы арқылы құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлама
қабылдайтын болады, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметі.
    Халықпен тығыз байланыс орнатып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстық
фактілерді анықтауға, дер кезінде ашып, жолын кесуге бағытталған бұл
мобильді мессенджер азаматтардан келген сурет, бейне және дыбыстық
жазбалар түріндегі хабарламаларды тәулік бойы үзіліссіз қабылдайтын
болады. Аталған жүйе Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жедел
жоспарлау орталығы базасына қосылған және келген хабарламалар бұлтартпас
айғақ ретінде тіркеліп, олар бойынша тиісті шаралар қабылданады.
WhatsApp, Viber жүйесінің ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалын
қалыптастыруда, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымын танытуда
маңызы зор.  
    Осыған орай, қала тұрғындарына егер де қандай да бір заң бұзушылық
фактісінің куәсі болсаңыз немесе сізге қатысты құқық бұзушылық орын
алса, дереу түрде 8-776-89-80-102 нөмірі арқылы хабарлама жіберулеріне
болатындығын хабарлаймыз. Алайда, жіберген хабарламаларыңыздағы
ақпараттардың шындыққа сай келетініне баса назар аударуларыңызды
сұраймыз. Себебі қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін
төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату – ҚР Қылмыстық кодексінің
274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соғатынын
ескертеміз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз