Қызылордалық полицейлер қысқы киімге ауысты

79

0

Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің қызметкерлері қысқы киімге көшуіне орай саптық байқау өткізді.
Оның мақсаты – қысқы киім нысанына көшу, саптық дағдыны жетілдіру, саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамының нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету болып табылады.
Қызметкерлердің дайындығын департамент бастығы және ІІО ардагерлері қадағалады. Сонымен бірге, жеке құрамның қызметтік куәліктері мен қажетті құжаттарын, нысандық киім кию тәртібін тексерді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз