Қызылордалық полицейлер іздеуде жүрген әккі ұрыны қолға түсірді

77

0

Бөтен мүлік ұрлығының алдын алу жөніндегі бағдарламаға сәйкес пәтер ұрлығының алдын алу мен орын алған пәтер ұрлықтарының ізін суытпай ашу мақсатында «Пәтер» жедел профилактикалық шарасы жүргізілді.  Бұл туралы Қызылорда ОІІД  баспасөз қызметі хабарлады. 

Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасы Ақсай полиция бөлімі және криминалды полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-шаралары барысында іздеуде жүрген  37 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының тұрғыны ұсталды.

Күдікті азамат Қызылорда қаласы аумағындағы  жеке секторлы үйлердің жанында өзін мүгедек адам ретінде көрсете жүріп, қожайындары жоқ деп пайымдаған  үйлердің пластикалық терезелерін сындырып кіру арқылы зергерлік бұйымдарын, қомақты ақшасын, құнды заттарын қолды етіп жүрген. Тергеу барысында бұл ұрының қатысуымен 11 пәтер ұрлығы орын алғандығы және барлық тонаулары бір ізбен жасалғаны  белгілі болды.

Бүгінгі таңда жәбірленушілерден ұрланған ақша мен алтын бұйымдардың сомасы есептелуде. Сезіктінің жалдап тұрған пәтерінен  ұрлаған заттары, алтын бұйымдары айғақтық зат ретінде алынды.

Қызылорда ҚІІБ Тергеу бөлімімен сезікті азаматтың үстінен Қазақстан Республикасы ҚК 175-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз