Қызылордалық полицейлер журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

47

0

Қызылордалық полицейлер журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады«28 маусым – Байланыс және ақпарат
қызметкерлерінің күніне» орай, Қызылорда ОІІД басшылығы журналистер
қауымымен кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады. 
«Қоғамдық
тәртіп пен тыныштықты сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықпен күрес
тақырыбында қалам тербеп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып,
қандай да бір тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидатын
қалыптастырудағы үлестеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, ашықтық
саясатының аясын кеңейту бағытындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Ақпараттық әлемнің көшбасында жүріп, халықты объективті, қызық және
шынайы жаңалықтарыңызбен сусындатып жүре беріңіздер. Сіздерге мықты
денсаулық, кәсіби шарықтау, шығармашылық идеялар тілейміз.», – деді өз
құттықтау сөзінде департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов.
Сондай-ақ,
шара барысында полицияның оң имиджін қалыптастыру, қылмыс пен құқық
бұзушылықтардың алдын алу тақырыбындағы іс-шараларды көрсетуге,
насихаттауға қосқан үлесі үшін бір топ журналистер департамент басшылығы
тарапынан «Алғыс хаттармен» марапатталып, естелік сыйлықтар табыс
етілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз