Қызылордалық өрендер 15 медальға ие болды

49

0

Қызылордалық өрендер 15 медальға ие болдыҚызылорда қаласында мамырдың 4-10 күндері ауыр атлетикадан ҚР мектеп және колледж оқушылары арасында VII жазғы спартакиада аяқталды. «Евразия» спорт кешенінде болған дүбірлі додада қыздар 7 салмақта, ұлдар 9  салмақта күш сынасты. 
Екі жылда бір рет болатын спартакиадаға Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 60 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесінде Қызылорда облысының құрама командасы 4 алтын, 6 күміс, 5 қола медальмен екінші орынды иеленді. 2012 жылы Шымкентте өткен спартакиадада Қызылорда облысының спортшылары үшінші орынды иеленген болатын. Бұдан жыл сайын облыста ауыр атлетикамен айналысушылар қатарының ұлғаюның, қазіргі таңда жастардың аталмыш спорт түріне қызығушылықтың басым екендігін көрсетеді.  
Ел спартакиадасы спорттың 45 түрінен әр облыстарда өтуде. Енді 17-27 маусым аралығында Қызылорда қаласында гандболдан болады. Жарыстың жалпы қорытындысы үстіміздегі жылдың  қыркүйек айында белгілі болады. Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының  диплом, медальдарымен марапатталды. 
Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей:
Қыздар
44 келі.
I орын  Махаббат Серікболқызы (Алматы обл.) – 88 (42+46)
II орын Елизавета Белоусова (ШҚО) – 71 (31+40)
III орын Зағира Әжіғали (Қызылорда обл.) – 67 (31+36)
48 келі.
I орын  Зарина Зарқұмова (Қызылорда обл.)  – 64 (29+35)
II орын Надежда Осмоева  (Қызылорда обл.) – 63 (26+37)
 III орын Светлана Филененко (Алматы обл.) – 61 (26+35)
53 келі. 
I орын  Оля Пастухова (Алматы обл.)  – 106 (45+61)
II орын Алена Литвикова  (ШҚО) – 85 (35+50)
III орын Нұрай Елеуова (Қызылорда обл.) – 81 (35+46)
58 келі. 
I орын  Әйгерім Ауылбек (Алматы обл.)  – 155 (70+85)
II орын Ұлар Дауыталиева  (Алматы обл.) – 148 (68+80)
 III орын Наргиз Якупова  (ШҚО) – 117 (52+65)
63 келі. 
I орын  Алтынай Дәмен (Алматы обл.)  – 205 (92+113)
II орын Наргиз Мақсатбаева  (Қызылорда обл.) – 73 (30+43)
III орын Анеля Сумбембаева (ШҚО) – 72 (37+40)
69 келі. 
I орын  Екатерина Быкова (ШҚО)  – 165 (70+95)
II орын Анастасия Бурова  (Атырау обл.) – 155 (70+85)
 III орын Қорлан Сұлтанбек  (Қызылорда обл.) – 85 (37+48)
69 келіден жоғары. 
I орын  Сабира Абсаматова (Қызылорда обл.)  – 119 (51+68)
II орын Гүлжан Құмарбекова  (Алматы обл.) – 118 (52+66)
 III орын Яна Яковкая  (ШҚО) – 95 (35+60)
Ұлдар. 
46 келі.
I орын  Никита Ерофеев (Алматы обл.)  – 130 (60+70)
II орын  Рахат Айбатов (Қызылорда обл.) – 112 (50+62)
III орын  Нұрдос Манарбекұлы (Алматы обл.) – 99 (42+57)
50 келі.
I орын Анатолий Савельев (Алматы обл.)  – 168 (73+95)
II орын Асылжан Бектай  (Қызылорда обл.) – 140 (65+75)
 III орын Нұрсәт Көбиев  (Маңғыстау обл.) – 100 (45+55)
56 келі. 
I орын Арыстанбек Жаханша (Қызылорда обл.)  – 197 (90+107)
II орын Бегалы Жегенбаев   (Маңғыстау обл.) – 117 (50+67)
 III орын Нұркелді Ноғайбек  (Атырау обл.) – 111 (50+61)
62 келі.
I орын  Михаил Дроздов (Алматы обл.)  – 225 (110+125)
II орын Серікбол Аманжол  (Қызылорда обл.) – 200 (90+110)
 III орын Рахат Садықов  (Маңғыстау обл.) – 122 (57+65)
69 келі. 
I орын  Константин Редикульцев (Алматы обл.)  – 185 (80+105)
II орын Дамир Ерболұлы  (Қызылорда обл.) – 150 (70+80)
77 келі.
I орын  Константин Ан (Қызылорда обл.) – 201 (85+116)
II орын Қадіржан Алғабекұлы (Алматы обл.) – 201 (91+110)
85 келі. 
I орын  Мұрат Қайратов (Қызылорда обл.) – 226 (101+125)
II орын Оразбек Селеубай (Маңғыстау обл.) – 150 (70+80)
III орын Денис Гойденко (ШҚО) – 125 (55+70)
94 келі. 
I орын  Эльдар Сембаев  (Алматы обл.) – 195 (85+110)
II орын Қуаныш Саттаров (ШҚО) – 155 (70+85)
III орын Нұрболат Сағындықов (Қызылорда обл.) – 130 (60+70)
94 келіден жоғары.
I орын Расул Жамбылов  (Алматы обл.) – 260 (120+140)
II орын Саматбек Қараев  (Маңғыстау обл.) – 137 (60+77)
III орын Наиль Ахмеров (Қызылорда обл.) – 105 (45+60)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз