Қызылордалық өрендер күміс жүлдегер болды

32

0

Қызылордалық өрендер күміс жүлдегер болдыҮстіміздегі жылдың 3-12 наурызы аралығында Шымкент қаласында 1997 жылы өмірге келген жасөспірімдер арасында футболдан Білім  және ғылым министрлігінің чемпионаты өтті. 
Жарысқа 12 команда қатысып, 3 топқа бөлініп ойнады. Аталмыш жарыста Қызылорда облысының мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің футбол жөніндегі № 6 спорт мектебінің спортшылары Павлодар облысының командасын негізгі ойында тең түсіп, 11 метрлік айып добымен 3:0 есебімен ұтты. Талдықорған  қаласының командасымен де  тең ойнап, айып добымен 4:2 есебімен жеңді.  Ақтық сында Шымкент қаласының №7 БЖСМ командасынан  ұтылып,  күміс жүлдені иеленді. Қызылорда облысының командасын жарысқа Төребек Жақсылық пен Мақсат Әжімбетов дайындады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз