Қызылордалық самбошылар Азия чемпионатында 5 медаль еншіледі

42

0

Қызылордалық самбошылар Азия чемпионатында 5 медаль еншіледіСыр өңірінің самбошылары Атырауда өткен Азия чемпионатында 4 алтын, 1
күміс медаль олжалады,-деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметінен.

Жасөспірімдер арасында 56 келі
салмақ дәрежесінде Гүлбибі Медетбай, 75 келіде Ләйлә Арыстанбек, +75
келіде Нұрғаным Тұршабек, жастар арасында +80 келіде Қымбат Тұршабек
Азия чемпионы атанды.

Әйелдер арасында 48 келіде Аида Ермаш күміс жүлдені еншіледі.
1-інші
облыстық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде
тәлім алатын спортшыларды жарысқа Марат Асылов, Жанар Дюсекенова, Мақсат
Оспанов дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз