Қызылордалық шахматшылар Ұлан-Батордан олжалы оралды

44

0

Қызылордалық шахматшылар Ұлан-Батордан олжалы оралды6-14 сәуір аралығында Ұлан-Батор
қаласында (Моңғолия) шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында
жерлестеріміз жүлделі орындарды иеленді.

12 жасқа дейінгі қыздар арасында
бақ сынаған Назерке Нұрғали рапидтен 7 тур бойынша 6,5 ұпай жинап, Азия
чемпионы атанса, классикадан 9 турдан 7,5 ұпаймен күміс жүлдені иеленді. 14
жасқа дейінгі қыздар арасында Әсел Серікбай блицтен 7 тур бойынша 5,5 ұпай
жинап, 2-орынды иеленді.

Айта кетейік, Қазақстаннан
қатысқан 11 спортшының ішінде 3-уіжүлделі орындарды иеленсе,соның екеуі біздің
облыстың шахматшылары.

Жарысқа 19 мемлекеттен 470
спортшы қатысты.

Енді Әсел
Серікбай қыркүйек айында Ханты-Мансийск қаласында (Ресей), Назерке Нұрғали
қазан айында Батумиқаласында (Грузия) болатын Әлем чемпионатына қатысады.

Жерлестерімізге сәттілік
тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз