Қызылордалық шахматшылар жеңімпаз

42

0

Астана қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында «Astana Open  – 2017» ҚР кубогының 4-кезеңі  өтті. Дүбірлі додада Қызылорда облысының құрамасы  19 команданың арасынан 27,5 ұпай жинап, бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші орынды 26 ұпай жинаған Алматы қаласы иеленсе, үшінші орын Астана қаласының спортшыларына бұйырды.
Облыс атынан сынға түскен спортшылар – Сұлтан Аманжол (7,5 ұпай), Мейіржан Бармағанбетов, Кәусар Али (7 ұпай) және Қуандық Кеңесов (6 ұпай) жақсы өнер көрсетіп, команданың алға шығуына өз үлестерін қосты.
Жекелей есепте 8 жасқа дейінгі қыздар арасында сайысқан Кәусар Али жеңімпаз атанса, 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында Сұлтан Аманжол 3-орынды еншіледі.
Жалпы жарысқа Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық облысынан және Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен 470 спортшы бақ сынасты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз