Қызылордалық шаруалар облыстың тұрақтандыру қорына жүздеген тонна картоп жеткізбек

57

0

Қызылордалық шаруалар облыстың тұрақтандыру қорына жүздеген тонна картоп жеткізбекҚызылорда облысында жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер
өңірдегі тұрақтандыру қорының қоймаларын картоппен толтыруға қол ұшын
бермек, деп хабарлайды Bnews.kz.
    Тұрақтандыру қорының операторы – «Қаржы компаниясы» ЖШС-інің
мәліметіне сүйенсек, фьючерстік шарт жасасқан шаруа қожалықтары
картоптың алғашқы партиясын қазан айының басында жеткізе бастайды.
    «Тұрақтандыру қоры Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданының 5
шаруа қожалығынан 550 тонна картоп сатып алады. Қазір қоймада Солтүстік
Қазақстаннан жеткізілген 800 тонна картоп бар, жалпы, 1350 тонна өнім
сатып алуымыз қажет», – дейді «Қаржы компаниясы» ЖШС-і директорының
орынбасары Лаура Жанасбаева.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз