Қызылордалық спортшы әлем рекордын жаңартты

41

0

Қызылордалық спортшы әлем рекордын жаңарттыБеларусь елінің Витебск қаласында гір тасын көтеруден спорт шеберлерінің ІІ Дүниежүзілік Олимпиадасы өтті.
Бұл олимпиадаға ел намысын қорғауға елімізден 12 спортшы аттанса, соның бірі өзіміздің жерлесіміз гір тасын көтеруден Қазақстан чемпионы, спорт шебері Оразбек Медетбаев болатын. Осы байрақты бәсекеде жерлесіміз топ жарып, жеңіспен оралып отыр, деп хабарлады Сырдария аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ол 60 кг салмақ дәрежесінде 24 кг гір тасын 30 минутта 500 рет көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Сайыс қорытындысымен Оразбек Медетбаев Гиннес рекордтар кітабына еніп, арнайы сертификат және медальмен марапатталды. 3 жылда бір өтетін Олимпиаданың соңғы тіркелген рекордында 24 кг гір тасы 420 рет көтерілген екен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз