Қызылордалық спортшылар Қазақстан спартакиадасынан алтын және күміс олжалады

40

0

Қызылордалық спортшылар Қазақстан спартакиадасынан алтын және күміс олжаладыҮстіміздегі жылдың 21-28 маусым аралығында Алматы облысы, Талдықорған
қаласында Қазақстан Республикасының IV жазғы спартакиадасы аясында
көгалдағы хоккейден жарыс аяқталды.

Ерлер мен әйелдер арасында
өткізілген дүбірлі жарыста Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс
Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 6 команда шеберлік байқасты.
Нәтижесінде әйелдер арасында Қызылорда облысының құрама командасы көш
бастады. Олар ақтық сында Алматы облысының командасын 2:1 есебімен
жеңіп, Қазақстан спартакиадасының жеңімпазы атанды. Үшінші орынды Батыс
Қазақстан облысының спортшылары еншіледі. Бұл туралы облыстық дене
шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ал ерлер арасында Қызылорда облысының құрама
командасы күміс жүлдеге ие болды. Бірінші орында – Алматы облысы, үшінші
орында Жамбыл облысы.

Айта кетейік, 2011 жылы 3-ші жазғы ел
спартакиадасында Сыр елінің ерлер командасы бірінші орынды, әйелдер
командасы екінші орынды иеленген болатын.

– Шәкірттерім үшін негізгі кезеңдер артта қалып,
енді шешуші сындар күтіп тұр. Спортшылар биылғы жылы өтетін Азия
ойындарына жолдама алу үшін алдағы 12-23 шілде аралығында Алматы
облысында болатын көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының
чемпионатына қатысады, – деді облыстың аға жаттықтырушысы Сұлтанбек
Қобландин.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз