Қызылордалық спортшылар кубок иегері атанды

49

0

Қызылордалық спортшылар  кубок иегері атандыАлматы қаласында 10-15 маусым аралығында таеквондодан ерлер мен әйелдер арасында «Федерация кубогы» республикалық турнирі өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен  16 команда 250 спортшы қатысты.
 Елімізде бірінші мәрте ұйымдастырылған федерация кубогы ойындарында Қызылорда облысының құрама командасы жарыстың К-5 жаңа бағдарламасы бойынша командалық есепте 1-орынды иеленіп, 1 млн. теңге ақшалай сыйлықты жеңіп алды. Команда құрамында 54 келіде Дархан Садықов (№2ОМБЖОРМ), 63 келіде Ербол Бейсенбай (спорт интернат), 72 келіде Асылбек Абзалов, +87 келіде Сергей Пак (екеуі де ЖСШМ) және 84 келіде Бағдат Әбдірахмановтар (№1ОМБЖОРМ) өнер көрсетті. Екінші орынды Ақтөбе облысының командасы иеленсе, Атырау облысының спортшылары жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты. 
Ал жекелей есепте 49 келіде Жазира Сапарбек (№2 ОМБЖОРМ) алтыннан алқа тақса, 46 келіде көкшоқылық Гүлмарал Ибрагимова қола жүлдені еншіледі. Спортшылардың осындай жеңіске жеткендеріне бапкерлері Николай Курноскин, Нұрлыбек Сухан және Руслан Тілеулиевтің қосқан үлестері зор.                 Таеквондодан жастар арасында облыстың аға жаттықтырушысы Нұрлыбек Сухан  «Жарыс ерлер мен әйелдер арасында 8 салмақтан барлығы 16 салмақта өткізілді. Қызылорда облысынан  12 спортшы қатысып,  жарыстың К-5 жаңа бағдарламасы бойынша командалықта бірінші орынды жеңіп алдық. Жарыс барысында 3 кездесу өткізіп, финалда Ақтөбе облысының спортшыларын  66:69 есебімен жеңіп, кубок біздің еншімізге тиді. Спортшылар бір ай бойы дайындалып, біздің сенімімізді толықтай орындап шықты. Келесі  «Федерация кубогы» Астана қаласында жоспарлануда» дейді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз