Қызылордалық спортшылар Сингапурде топ жарды

79

0

Қызылордалық спортшылар Сингапурде топ жардыСингапурде каратэ-додан өткен Азия чемпионатында қызылордалық спортшылар 3 алтын, 2 қола медаль олжалады, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Қазақстан құрама командасы 8 алтын медальға ие болса, соның ішінде 3 алтынды біздің спортшыларымыз еншіледі. Азия чемпионатында облыс намысын абыроймен қорғаған жастар арасында сынға түскен №2 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің түлектері Марта Ким (-47 келі) мен Әділет Төлеу (-57 келі) алтын жүлдені иеленіп, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Жасөспірімдер арасында Кемілбек Қабланбек («Қажымұқан» спорт клубы) 50 келіден жоғары салмақта жеңіс тұғырынан көрінді.

54 келіге дейінгі салмақта облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Мөлдір Жаңбырбай (16-17 жас) мен 55 келіге дейінгі салмақта Нұржан Ақпанбетке (18 жастан жоғары) қола жүлде бұйырды.

Дүбірлі додада 18 мемлекеттің спортшылары бақ сынады. Жарыс нәтижесінде Қазақстан құрама командасы 8 алтын, 5 күміс, 18 қола медальмен жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды.

Спортшыларды жарысқа Рүстем Әбжәмиев пен Нұрбол Тойшыбаев дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз