Волейболдан ел чемпионатында жеңімпаз атанды

53

0

Волейболдан ел чемпионатында жеңімпаз атанды12-19 сәуір аралығында Түркістан қаласында 1999 – 2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті. Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 16 команда, 200-ден аса спортшы қатысқан дүбірлі сайыста жерлестеріміз бірінші орынды жеңіп алды.
Қызылорда облысының құрама командасының жеңімпаз атануынасырдариялықтар Дәулет Кенжеғалиев, Дәулет Русланов, Азамат Ордабеков, Мұхамедәли Байтугелов, Әлішер Өтешов,  шиеліліктер Аят Рамазанұлы, Олжас Сапарбай, Мағжан Ахантай, Нұрлан Сайын, жаңақорғандықтарЗұлфар Мансұр, Ерболат Орынханов, Бекзат Мейрамбек, Қазалыдан Ерсұлтан Оңарбай сынды волейболшылар өз үлестерін қосты.
Команданы жарысқа Болат Рысмахан және Өтепберген Әбдіраманов дайындады.  
Жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Болат Рысмаханның айтуы бойынша, спортшылар енді маусым айында Өскемен, Хромтау қалаларында өтетін Қазақстан Республикасыныңжазғы чемпионатына дайындалады.
Айта кетейік, жақында Түркістан қаласында 2000-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан өткен ел чемпионатында жерлестеріміз қола жүлдені иеленген болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз