Қызылордалық ұста өзге ұлттардың қолөнерін игеруде

62

0

Қызылордалық ұста өзге ұлттардың қолөнерін игерудеҚызылордалық ағаш ұстасы Леонид Юрковец еліміздегі өзге ұлттардың қолөнерін игеруді көздеп отыр. Бұл туралы облыстық Ассамблеяның хатшылығы хабарлады.

«Мен бала кезімде жақсы сурет салатынмын, менің өнерге жақын екенімді әкем байқап жүретін, – дейді Леонид. – Сурет салған дұрыс, әрине, сондай-ақ ер азамат ағаш кесу, сүргілеу, жону өнерін де меңгеруі қажет. Әкем маған бар білетінін үйретті. Ал ол көптеген құралдармен, түрлі материалдармен жұмыс жасай алатын. Біртіндеп мен бұл пайдалы істі шеберлікпен жасауды меңгердім».

Әуелі шебер ағаш бұйымдарын анасы мен әйеліне арнап жасаған. Бір жағынан, олар үй шаруасында пайдалануға ыңғайлы болса, екінші жағынан қолөнерші бұл туындыларға белгілі бір мағына беруге тырысады екен.

«Біздің үйде үнемі жонылған тақтай мен сырдың иісі шығып тұрады. Бүкіл жерде сызбалар, қарындаштар шашылып жатады. Бұл әдеттегі жағдайға айналды», – дейді ол.

Ағаш ұстасы енді елімізде тұрып жатқан өзге халықтардың қолөнерін меңгеріп алуды көздеп отыр.

«Қазақстанда қаншама этнос өмір сүреді. Әрбір ұлттың мәдениетінде қолөнер дәстүрі бар. Енді мен өзбек шеберлерінен құмыра құюды, оны шыны әшекеймен жалатуды, шешендерден нақыш салуды, қазақтардан ат әбзелдерін жасауды үйренгім келеді. Шебер үшін жаңа өнер меңгеру өте маңызды, ал қазақстандық интернационалды қоғамда көпті үйренер адамдар баршылық. Жүздеген отбасы көптеген жылдар бойы ата-бабаларының қолөнер шеберлігін сақтап келеді. Енді біз өз білген-түйгенімізді келешек ұрпаққа қалдыруымыз керек», – дейді ұста.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз