Қызылордалық таеквондошы Айнұр Есбергенова Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді

46

0

Қызылордалық таеквондошы Айнұр Есбергенова Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткіздіМанилада (Филиппин) таеквондодан өтіп жатқан Азиялық лицензиялық
турнирде жерлесіміз Айнұр Есбергенова финалға шығып, бірден Олимпиада
ойындарына жолдама алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

№1 олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын спортшының жаттықтырушысы – Николай Курноскин.

Енді Айнұр финалда Тайпей спортшысымен 1-орынға бағын сынайды. Айта
кетейік, Айнұр – Сыр өңірінен Олимпиада ойындарына 5-ші жолдама алған
спортшы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз