Қызылордалық \»тракторист\» Брэд Питпен кездеспек

67

0

Қызылордалық "тракторист" Брэд Питпен кездеспек«Оңтүстік-Цирк» басшысы Арман Әлиев Шымкентке Голливуд жұлдыздары Брэд Питт пен Жан-Клод Ван Даммды шақырмақ. Бұл туралы жергілікті «Замана» басылымы хабарлайды.

Шымкентте «Оңтүстік-Циркке» Голливуд жұлдыздары Брэд Питт пен Жан-Клод Ван Дамм келеді деген сыбыс шығыпты.
Қызылорда облысының тумасы Арман Әлиев атақты актерлерді еліміздің оңтүстігінде қонақ қылу идеясын жергілікті кәсіпкерлердің бірі ұсынғанын айтады.
Кезінде өзі циркте каскадер болған кәсіпкер ат құлағында ойнайтын каскадер жігіттердің басын қосып, ерекше бір топ құруды ойластырып жүрген көрінеді.
Атын жарияламауды сұраған кәсіпкер «Брэд Питт пен Ван Даммның «Оңтүстік-Цирк» каскадерлерінің өнерін тамашалағанын» қалайды екен.
«Сосын өз елдеріне барған соң насихаттау жұмыстарын жүргізсін, оңтүстіктің атын әлемге танытайық» деген кәсіпкер жолға шығуды жөн көріпті.
Ол желтоқсанның 6-сы күні Голливудқа келіссөздер жүргізу үшін ұшып кетеді екен. 
Қызылордалық "тракторист" Брэд Питпен кездеспек«Трактористің» айтуынша, атақты әртістердің келу-келмеуі желтоқсанның 15-теріне қарай белгілі болып қалады.

Ел арасында «Арман тракторист» деген атпен танылған Арман Әлиев лақап атына еш қарсы емес екендігін де айтты:
«Жұрт не десе, о десін. «Тракторист» деген ән мені танымал етті. Өз жемісін берді. Әлі күнге дейін тойларға шақырып, осы әнді айтып беруімді өтініп жататындар бар. Ал әлеуметтік желілердегі менің атыма айтылған сындардың бәрін оқыдым. Бірақ ешқайсысына өкпелеген жоқпын. «Ит үреді, керуен көшеді». Олар «тракторист» дегеннен менің абыройым төмендеп кеткен жоқ. Сыртымнан ғайбат сөйлегендерге жауап ретінде әлеуметтік желілерге бірнеше сурет салдым. Онда Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовпен, Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге түскен суреттерім де бар. Егер менің деңгейім, ой-өрісім тракторшылықтан аспаса ол кісілер менімен суретке түспес еді. Тоқаев мырза кітабын сыйға тартпас еді…», – деп жауап берді ол.
Сөз соңында Арман Әлиев әлемдік деңгейдегі әртістердің келіп-кетер шығынын ұсыныс жасаған кәсіпкер көтеретінін де айтты.
Айтуынша, бұл жобаны іске асыру үшін кәсіпкер азамат бизнестегі серіктестерін, қалталы дос-жарандарын да атсалысуға шақырып отыр.
Бірақ Шымкенттің атын күллі әлемге танымал еткісі келетін өнер майталманы Брэд Питт пен Жан-Клод Ван Даммның гонорарларының көлемі жайлы білмейтінін жасырмады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз