Қызылордалық тәртіп сақшылары БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

92

0

Қызылордалық тәртіп сақшылары БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады1991 жылы «Баспа және БАҚ туралы» заңның қабылданған күніне орай, 2011
жылдан бері Қазақстандағы журналистер күні ресми түрде маусымның 28 күні
тойланып келеді. 

Осындай айтулы күнге орай, Қызылорда ОІІД басшылығы журналистер қауымымен кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады.

«Қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау, қылмыс
пен құқықбұзушылықпен күрес тақырыбында қалам тербеп, халықтың құқықтық
сауаттылығын арттырып, қандай да бір тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік»
қағидатын қалыптастырудағы үлестеріңіз үшін алғыс білдіре отырып,
ашықтық саясатының аясын кеңейту бағытындағы жұмыстарыңызға сәттілік
тілеймін. Сіздердің ақпараттық қолдау жұмыстарыңыздың арқасында
аймағымыздағы қылмыстық ахуал тұрақтанып келеді. Сіздерге мықты
денсаулық, кәсіби біліктілік, шығармашылық идеялар тілейміз», – деді өз
құттықтау сөзінде департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов.

Сондай-ақ, шара барысында полицияның оң имиджін
қалыптастыру, қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу тақырыбындағы
іс-шараларды көрсетуге, насихаттауға қосқан үлесі үшін бір топ
журналистер департамент басшылығы тарапынан Алғыс хаттармен
марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз