Қызылордалық велоспортшылар Азия чемпионатына бес жолдама алды

42

0

Қызылордалық велоспортшылар Азия чемпионатына бес жолдама алдыҮстіміздегі жылдың 12-18 қаңтар аралығында Астана
қаласында велоспорттан өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалық
велоспортшылар 8 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды
иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының
баспасөз қызметі хабарлады.

Скретч
сайысында ерлер арасында Роберт Гайнеев жеңімпаз атанса, Карим Бузин
күміс жүлдені иеленді. Қыздар арасында Жанұя Сейітова күміс, Виктория
Пастарник қола жүлдені еншіледі.

Спринт сайысында Артур Ералиев 2-орынды иеленді. Ал
командалық спринтте Асылхан Тұрар, Артур Ералиев, Роберт Гайнеевтер
қола жүлдегер атанса, топтық жарыста қыздар арасында Жанұя Сейітова
1-орынды жеңіп алды. Ерлер арасында Роберт Гайнеев 3-орынға ие болды.

Жарыс қорытындысында Қызылорда облысынан 5 спортшы
үстіміздегі жылдың 24-28 қаңтарда Жапонияда болатын Азия чемпионатына
жолдама алды. Олар: Карим Бузин, Артур Ералиев, Роберт Гайнеев, Жанұя
Сейітова және Виктория Пастарник.

№ 3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық
резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде және
облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын спортшыларды
жарысқа Берік Көпешов пен Руслан Ягафаров дайындады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз