Қызылордалық волейболшылар – бірінші орында

82

0

Ресейдің Омск қаласында М.Л.Гуревичті еске алуға арналған мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан халықаралық турнир өтті. 

Жарысқа 5 команда қатысып, жерлестеріміз еліміздің абыройын асқақтатып, 1-орынға ие болды.

Ойын барысында барлық кездесулерде де 3:0 есебімен Сыр волейболшылары жеңіске жетті. Финалдық ойында Омск командасын 3:1 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды – Омск, үшінші орынды Санкт-Петербург қалаларының  командалары еншіледі. 

Қызылорда облысының құрама командасының жеңімпаз атануына Жоғары спорт шеберлігі мектебінің волейболшылары Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Бейбіт Кейкиев, Асанәлі Жолдасбек, Дәурен Ахметов, Мұхтар Қамысбаев, Омар Тұрманов және Алмат Манабаевтар өз үлестерін қосты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз