Қызылордалық жас құтқарушылар халықаралық сайысқа қатысты

42

0

Қызылордалық жас құтқарушылар халықаралық сайысқа қатыстыҚР Ішкі істер Министрінің орынбасары В.К.Божконың тапсырмасына орай
Қызылорда облысының жас құтқарушылары 2015 жылдың 9-18 шілдесінде
Беларусь Республикасында өткен ХІІІ Халықаралық жас құтқарушылар
сайысына қатысып келді, деп хабарлайды Қызылорда облыстық ТЖД.
    9 шілдеде Беларусь еліндегі Гомель қаласында Қызылорданың жас
құтқарушылары Қазақстан атынан қатысып бақ сынап, елімізді паш етті.
«Жас құтқарушы» үйірмесі Қызылорда қаласындағы Абылай хан атындағы
колледж жанынан құрылған болатын. Үйірменің ұйымдастырушысы және
жетекшісі аталмыш колледждің оқытушысы Айбек Сұлтанбеков. ҚР ІІМ ТЖК-нің
шақыртуымен колледж командасы республикалық, халықаралық спорттық
іс-шаралар мен жас құтқарушылар сайыстарына қатысып, бірнеше рет жүлделі
орындарды иеленіп келеді.
    Команданың жетекшісі А.Сұлтанбеков, команданың жаттықтырушысы №11
өрт сөндіру бөлімінің күзет бастығы өртке қарсы қызмет капитаны
Б.Бакенов және тәрбиеші-дәрігер М.Нұржаубаева жас құтқарушылардың
дайындығына баса назар аударды. Аталмыш команданың жетекшісі, «Абылай
хан» атындағы колледждің оқытушысы А.Сұлтанбеков балаларға адам өмірін
құтқаруға тәрбиеледі.  №11 өрт сөндіру бөлімінің күзет бастығы өртке
қарсы қызмет капитаны Б.Бакенов жасөспірімдерді өрт-қолданбалы спортына
жаттықтырды. Нәтижесінде «Абылай хан» атындағы колледждің, «Жас
құтқарушылар» клубының оқушылары – М.Қуаныш, О.Өтеген, Р.Шазында,
Ә.Мажай, Г.Шегебаева, Б.Тоқсанбай, Н.Малдыбаев, А.Смағұловтар құтқару
сайысы кезінде өздерін жақсы жағынан көрсетіп, халықаралық жас
құтқарушылар арасында намысты қолдан бермей, 4 орынды иемденді. Сайыс
бағдарламасы 6 байқаулық кезеңнен болды.
    Жалпы командалық есеп бойынша 15 команд қатысқан шара барысында 1
орынды – Ресей командасы, 2 орынды Беларусь командасы, 3 орынды Литва
командасы, 4 орынды  – Қазақстан Республикасынан барған Қызылорда
қаласы  «Абылай хан» атындағы колледж командасының жас құтқарушылары
иеленді.
    Жас құтқарушыларды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің
ұжымы  жеңімпаз болуымен құттықтайды. Алдағы уақытта да ашық аспан
астында жеңіс тұғырынан көрініп, зор денсаулықта болуына тілектеспіз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз