Қызылордалықтар балаларына қандай есімдерді жиі қояды?

53

0

Қызылордалықтар балаларына қандай есімдерді жиі қояды?Қызылордалықтардың балаларына қандай есімдерді көп таңдайтыны белгілі
болды. «Кейінгі кезде ұлдарға – Нұрсұлтан, Мирас, Сержан, Мансұр,
Әлихан, ал қыздарға Айзере, Раяна, Кәусар, Айлин секілді есімдер жиі
қойылып жүр», – деді облыстық статистика департаментінің басшысы Мәриям
Баекеева бүгінгі брифингте. Бұл туралы kyzylorda-news.kz хабарлап отыр.
Сондай-ақ ол аймақтағы демографиялық ахуалға тоқталды. Соңғы он
жылда халық саны 138 мыңға көбейген. 1 қарашадағы мәліметке сәйкес
тұрғындар саны 763 мың адамды құрады. Туу көрсеткіші көп жылдан бері
жақсы деңгейде. Есепті кезеңде 16 мың туу, 3,7 мың өлім тіркелген.
Қыздарға қарағанда ұлдардың дүниеге келу көрсеткіші жоғары. «Осы он айда
103 жұп егіз, 2 жұп үшем дүниеге келген», – деді Мәриям Баекеева.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз