Қызылордалықтар бірінші орынды иеленді

39

0

Қызылордалықтар бірінші орынды иелендіЖекпе-жектен Қазақстан Республикасы кубогында Қызылорда облысының жасөспірімдер құрама командасы бірінші орынды иеленді.
Қызылорда қаласында өткен жекпе-жектен жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының кубогына Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 300-ге жуық спортшы бақ сынады. Жасөспірімдер тобында да (1998-1999 ж.т.), жастар тобында 17-18 жас аралығындағы спортшылар да 9 салмақ дәрежесінде ойын көрсетті. Тартысты өткен додада жалпыкомандалықта жасөспірімдер арасында бірінші орынды Қызылорда облысының командасы иеленді. Одан кейінгі орындарға Алматы облысы және Жамбыл облысының құрама командасы жайғасты. Ал жастар арасында Жамбыл облысы бірінші орынды иеленсе, Алматы облысы мен Қызылорда облысының құрама командасы қалған орындарды бөлісті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз