Қызылордалықтар ет пен балықты көбірек тұтынады

36

0

Қызылордалықтар ет пен балықты көбірек тұтынады Қызылорда. Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылы қаңтарда өткен аймен салыстырғанда 1 %-ға, ал 2013 жылғы қаңтармен – 1,4 %-ға өсті. 
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,7%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,3%, жемістер мен көкөністерді –10,7%, нан және жарма өнімдерін – 7,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,4%-ды құрады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз