Қызылордалықтар Әлібековтер отбасына сәттілік тілейді

136

0

Қызылордалықтар Әлібековтер отбасына сәттілік тілейді2014 жылғы 19 қыркүйек күні Мемлекет басшысының
қатысуымен болатын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау
шарасына Қызылорда облысының атынан Әлібековтер отбасы қатысуда.

Кеше қызылордалықтар
Әлібековтер отбасын Астана қаласында өтетін ұлттық конкурстың қорытынды
кезеңіне салтанатты түрде шығарып салды.
Отағасы Мейрамбек Әлібеков «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» компаниясында қаржы бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. Отбасында ұлағатты әке, жұмыста абыройлы маман. Өз ісінің білгірі, өте еңбекқор жан. 2009 жылы «Ең үздік басшы» номинациясына ие болса, жуырда компания Президентінің күміс жүлдесімен марапатталды. 
Шаңырақтың шаттығы, отбасының киесі Лаура Шохашова жеті баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана, алтын алқа иегері. Үйдің үлкені Данияр оныншы сыныпта оқиды. Таэквандодан республикалық жарыстарға қатысып, чемпион атанып жүр. Ал, екінші ұлдары Рамазанның ойы жүйрік, өнертапқыш. Физика пәнін сүйіп оқитын ол гипс пен құмды пайдаланып жанартау атқылайтын таудың макетін жасап шығарды. Алдағы уақытта осы жобаны «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ұсынсам дейді.
Әлібековтер отбасында 2007 жылы егіз бала дүниеге келсе, 2013 жылы үшем келіп, бақытқа кеңелді. Бүгінде Інжу, Маржан, Бекжан атты үш бүлдіршін ата-анасының көз қуанышы болып өсіп келеді. 
 Айта кетейік, аталмыш республикалық байқауға 14 облыс 2 қаладан 16
отбасы қатысып жатыр. 
Конкурс жеңімпаздарын анықтау жалпыхалықтық дауыс беру
арқылы жүргізілуде. Дауыс беру мерзімі 25 тамыздан басталды.
Дауыс беру механизмі үш тәсілмен жүзеге асырылады.
Біріншісі – www.kaztube.kz сайты арқылы тіркеліп беруге
болады.
Екіншісі – 6284 нөміріне 1 санын жолдауларыңызға болады.
Смс дауыс беру тегін.
Үшіншісі – қалалық телефон арқылы 8 803 080 00 01
телефонына хабарласу арқылы дауыс бере аласыздар.