Қызылордалықтар Лондондағы туризм көрмесіне қатысты

58

0

Қызылордалықтар Лондондағы туризм көрмесіне қатыстыҚызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының өкілдері Лондон қаласанда өткен «World Travel Market 2014» бүкіләлемдік туристік көрмеге қатысты. Аталған көрме деңгейі жағынан туризм индустриясында Берлин (1-орын) және Мадридтен (2-орын) кейінгі үшінші орында, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Туристік көрменің 35 жылдық мерейтойына 200-ге жуық мемлекеттен 50 мыңнан аса туризм индустриясының өкілдері қатысты.

Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы қалалары, және Алматы, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары таныстырды.

Қызылорда облысының туристік имиджін көрсететін 200 жолсілтеме, 300 ақпараттық флаер, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы 100 диск, аймағымыздың инвестициялық мүмкіндіктері туралы 100 кітабы, 250 күнтізбе, 200 футболка, бейсболка, 200 қаламасап және 150 қолөнер шеберлерінің кітабын ұсынылды.

Көрмеде туризм индустриясының жетекші өкілдерімен 37 іскерлік кездесу өткізілді. Оның ішінде Бүкіләлемдік туристік ұйым, FVW Medien Gruppe (Чех Республикасы) және Quality Tours (Германия), т.б. атап айтуға болады.

Іскерлік кездесу барысында потенциалды серіктестер Арал ауданындағы Кемелер қорымы, Байқоңыр ғарыш айлағына қызығушылық білдірді. 2015 жылғы маусым айынан бастап Германия және Италия елдерінің ірі туроператорлары Гебеко, Гутч, Куолити Трэвэлс өз елдерінен өңірімізге туристер әкелуді жоспарлауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз