ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

48

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫТатулықтың темірқазығына
айналған Елбасының бастамасымен құрылған Ассамблеяға биыл 20 жыл. Айтулы дата
аясында белсенділік танытқан қызылордалықтар ҚР Президентінің «Алғыс хатымен,
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет» грамотасы және «Алғыс» хатымен,
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалімен
марапатталды.

Сыр өңірінде мерекеге
орай 2500-ден астам шаралар
ұйымдастырылды. Этномәдени орталықтардың шығармашылық дамыту мақсатында «Достық
үйі» ашылды.

– Ниет пен тілектің
үндесуінің арқасында тәуелсіздігіміз тұғырлы. Сыр елі татулық пен бірліктің,
достық пен жасампаздықтың ордасына айналып отыр. Бүгінгі марапаттарыңыз соның
айқын айғағы, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Салтанатты жиын барысында
этномәдени орталық өкілдері ән шырқап, жаңа жыл мерекесіне жылы лебіздерін
білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз