Қызылордалықтар қос жүлде алды

41

0

Қызылордалықтар қос жүлде алдыҮстіміздегі жылдың 24 ақпан-2 наурыз аралығында  Қызылорда қаласында бокстан 1996-1997 жылдары өмірге келген жастар арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті. Бір аптаға созылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 16 команда, 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері 11 салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Жарыс ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы,  облыстық бокс федерациясының ұйымдастыруымен және  НК «Қор» мұнай компаниясының қолдауымен өткізілді. Чемпионаттың құрметті қонақтары Олимпиада чемпионы, даңқты боксшы, Алматы қаласының олимпиадалық даярлау орталығының директоры Е.Ибраимов, бокс ардагері С.Әбденәлиев, Бейжің Олимпиадасының чемпионы Б.Сәрсекбаев, Б.Саттархановтың әкесі С.Саттарханов және ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Б.Әбдірахманов шақырылды. 
Осы жарыстың нәтижесі бойынша алдағы сәуір айында Болгария  мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатына еліміздің бокстан құрама командасы жасақталады. Жарыс қорытындысы бойынша біздің облыс боксшылары арасынан екі жүлдегер де 56 келі салмақтан шықты. Әлем чемпионатына қатысқан қызылордалық Сабыржан Әбілов өз салмағында ешкімге дес бермеді. Ақтық сында ол алматылық Нұржан Мақашбаевтан айласын асырып кетті. Тағы бір жерлесіміз Данияр қауышқан қола жүлдегер атанды. Жалпы, ел біріншілігіне біздің облыстан 15 боксшы қатысқан еді. 
46 келі
I – Сабыр Жолаушиев (Павлодар)
II – Мирас Ертанов (Алматы)
III – Қуаныш Дүйсенбай (Маңғыстау)
III – Әділет Ғибадат (Ақмола)
49 келі
I – Шалқар Айқынбай (ОҚО)
II – Ертуған  Зейнулинов (Алматы)
III – Рүстем Шауменов (Қарағанды)
III – Әлімжан Бескемпір (Жамбыл)
52 келі
I – Оразхан Ергеш (Қарағанды)
II – Мұхаммед Мырзатай (Жамбыл)
III – Андрей Павлов (Қостанай)
III – Тілек Қадырханов (ШҚО)
56 келі
I – Сабыржан Әбілов (Қызылорда)
II – Нұржан Мақашбаев (Алматы)
III – Данияр Қауышқан (Қызылорда)
III – Оразбек Тойшыбаев (Атырау)
60 келі
I – Саят Мұратбеков (ШҚО)
II – Рауан Затулла (ОҚО)
III – Расул Жаңбырбай (БҚО)
III – Демежан Сайдағали (Алматы қ.)
64 келі
I – Әбілхан Аманқұл (Жамбыл)
II – Әділет Дамешов (Ақтөбе)
III – Қамбар Ғиниятов (БҚО)
III – Серік Жетібаев (Маңғыстау)
69 келі
I – Рахат Мыржықпаев (Астана қ.)
II – Илья Очкин (Павлодар)
III – Еламан Серікбаей (Алматы)
III – Владислав Сталбовский (Қарағанды)
75 келі
I – Бекжан Бакиров (Жамбыл)
II – Жандос Хайруллаев (Ақмола)
III – Қадырбек Садықбек (Алматы қ.)
III  – Бекболат Есен (ОҚО)
81 келі
I  – Дінислам Биболат (Алматы қ.)
II – Тимур Ержанов (ШҚО)
III – Айдос Дуаш (Алматы қ.)
III – Ернар Ерназарұлы (Павлодар)
91 келі
I – Нұрлан Сапарбай (ОҚО)
II – Абылай Бақторазов (Маңғыстау)
III – Қадыржан Жақсылық (Жамбыл)
III – Юнус Аслаханов (Алматы қ.)
91 келіден жоғары
I – Мұхит Көшербай (Алматы қ.)
II – Дмитрий Зиско (Қарағанды)
III – Нұрмантай Нұров (ОҚО)
III – Сабырғали Самбаев (Маңғыстау)     
     
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз