Қызылордалықтар самбодан әлем чемпионын күтіп алды

51

0

Қызылордалықтар самбодан әлем чемпионын күтіп алдыБүгін қызылордалықтар самбодан жастар арасында әлем чемпионы Гүлфайруз Наймантаева мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Аида Ермашты темір жол вокзалынан салтанатты түрде күтіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова хабарлады.

Айта кету керек, әлем чемпионаты Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен болатын. Оған 32 елдің спортшылары қатысты. Қос спортшы да №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алады. Оларды жарысқа Жанар Дүйсекен дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз