Қызылордалықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы автошеру өткізді

39

0

Қызылордалықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы автошеру өткіздіБүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша
департаменті «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес
күніне» арналған автошеру ұйымдастырды. Бұл туралы департаменттің
баспасөз қызметінен хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы автошеруге «Aster -auto» ЖШС-інің Қызылорда қаласындағы өкілдігі,
«Allur-auto – Кызылорда», «BestАвто», «КристаллАвто» ЖШС-інің Қызылорда
қаласындағы филиалы автосалоны автокөліктер арқылы қолдау көрсетілді.

Автошеруге мемлекеттік қызметшілер, 100-ге тарта
студент, «Жастар ресурстық орталығы», «Дарын» продюсерлік орталығы,
үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Автошеру ашылуында Тәртіптік кеңес төрағасы
М.Оразали сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамның қолдауымен ғана
тиімді болатынын айтты.

Автошеру барысында автошеруге қатысушылар «Біз жарқын болашақты
таңдаймыз!», «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес
күні» атты ұрандарымен Қызылорда қаласының Орталық алаңынан бастау алып
қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп Орталық алаңда аяқтады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз